Италиялық инвесторлар Маңғыстауда энергия көздеріне қатысты жобаларды қаржыландыруға мүдделі

543

Өңірде электр қуатын арттыруға сұраныс жоғары. 

Италиялық инвесторлар Маңғыстауда энергия көздеріне қатысты жобаларды қаржыландыруға мүдделі

Ақтау қаласында италияндық "ENI" мұнай-газ компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Оған компанияның Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Лучано Васкес пен бірқатар әріптестері қатысты.

Кездесу барысында екі жақ Маңғыстау облысында жаңартылатын энергетика саласы мен әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Қазір Маңғыстау облысы авиациялық, теміржол, автомобиль және теңіз көлік желілері шоғырланған ірі көлік-логистика орталығына айналды. Сондықтан да электр қуатын арттыруға сұраныс жоғары. 

"Облыста Түпқараған, Қарақия аудандарында жел электр станцияларының жобалары, "жасыл экономика" бойынша ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай - ақ, Маңғыстау облысы үшін озық технологиялармен қамтамасыз етілген "ENI" компаниясымен байланысты нығайту өте маңызды екенін атап өткім келеді. Осыған орай біз екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдауға әрқашан дайынбыз", - деді өңір басшысы Нұрлан Ноғаев. 

Кездесу соңында тараптар Маңғыстау облысы үшін өзара тиімді және жемісті ынтымақтастыққа, кез-келген ұсыныстар мен жобаларға дайын екенін жеткізді.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу