5 жылдан бері дүниежүзінің ең әдемі аймақтарын аралаған бұл жоба шетелдік көрермендерге Қазақстанның көркем де көрікті жерлерін көрсете түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағдарлама жүргізушілері Астана, Алматы қалаларында және Алматы, Ақмола облыстарына аялдап, жергілікті мәдениет пен дәстүрмен, ұлттық базарлармен таныстырады.
Эфирде Neos Air әуе компаниясына ерекше екпін береді. Компания Милан – Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет тікелей рейс орындайды, бұл Италия мен Қазақстан арасындағы туристік байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Бағдарлама түсірілімдері Kazakh Tourism ұлттық компаниясының, Neos Air, Италия-Қазақстан сауда қауымдастығының, Almaty Tourism Bureau, Visit Astana және Алматы облысы туризм басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Бұған дейін 696 млн жазылушысы бар парақша Қазақстанның сұлу табиғатын паш ететін бейне жариялағанын жаздық.