Италияның білім министрі Лоренцо Фьорамонти үкіметтен қосымша қаражат ала алмағанын мәлім етті. Бұл өз кезегінде шенеуніктің жұмысынан кетуіне себеп болды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Айтуынша, министрлікке миллиардтаған еуро жергілікті мектептер мен университеттерді жандандыру үшін керек болған. Фьорамонтидің жұмыстан кетуі үкіметке ауыр соққы болып отыр. Өйткені Италия партиялары әлі күнге дейін негізгі мәселелер бойынша ортақ келісімге келмеген. Нақтырақ айтқанда, қазір оларды еуроаймақ реформасы мен мигранттар мәселесі алаңдатып отыр.
Шілде айында Италия ЕО тарапының тәртіптік шараларынан құтылған болатын. Ол кезде еуропалық комиссия Италияны ЕО-ның ережелеріне сәйкес 2020 жылға арналған бюджетті дайындау бойынша өз міндеттемелерін орындауға шақырды.
Табиғат Нұрболат