Италияның бірнеше провинциясында жер сілкінді

257

Италияның Авеллино және Беневенто провинциялары арасындағы аумақта магнитудасы 3,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.  

Италияның бірнеше провинциясында жер сілкінді Фото: volcanodiscovery.com

Жерасты дүмпуі Ирпиниядағы Бонито қаласынан 3 шақырым қашықтықта, 17 шақырым тереңдікте тіркелген, деп жазады inbusiness.kz сайты volcanodiscovery.com ұсынған ақпаратқа сілтеме жасап. 

Эпицентрге ең жақын орналасқан елді мекендер – Авеллино провинциясындағы Мелито-Ирпино, Гроттаминарда, Мирабелла-Эклано және Фонтанароза қалалары, сондай-ақ Беневенто провинциясындағы Апиче қаласы.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу