Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды

407

Ол 86 жасында өмірден озды.  

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды Фото: Atameken Business

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони қайтыс болды. Бұл туралы Corriere della Sera газеті хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Сәуір айының басында өкпенің қабынуымен ауруханаға жатқызылғаннан кейін Берлусконидің созылмалы миеломоноцитарлық лейкозбен ауырғаны анықталды (оның аясында өкпе инфекциясы дамыды). Ауруға байланысты ол химиотерапия курсынан өтті. Берлускони сол кезде Миландағы "Сан-Рафаэль" клиникасында бір айдан астам уақыт емделіп, 9 маусымда қайта ауруханаға түсті.

Италия саясатының ардагері, "Алға, Италия" партиясының негізін қалаушы және тұрақты көшбасшысы Сильвио Берлускони үш рет ел үкіметін басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу