Италияның Лонато қаласында стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр

693

Әлем кубогі 17 мамырға дейін жалғасады. 

Италияның Лонато қаласында стенд атудан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр

Olympic.kz "скит" жаттығуы бойынша қазақстандық спортшылардың көрсеткішін назарларыңызға ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  Әйелдер арасындағы сында қазақстандықтар сапынан ең жоғарғы нәтижесі Рината Насырова тіркеді. Ол 26-шы орында. Ольга Панарина 28-ші, Әсем Орынбай 31-ші, Зоя Кравченко 39-шы сатыдан көрінді. 

Бұл бәсекеде америкалық Остин Смит жеңіске жетті. Күміс медальді ұлыбританиялық Эмбер Хилл, қоланы словакиялық Данка Бартеова еншілеген.  Ерлер арасындағы сында Эдуард Ещенко 53-ші, Андрей Фролов 74-ші, Давид Почивалов 81-ші орынға жайғасты.  Египеттік Азми Мехельба алтын медаль алса, америкалық Винсет Ханкок күміс, италиялық Таммаро Кассандро қола жүлдені жеңіп алды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу