Италияның мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетейін деп тұр

1465

Биыл бюджет тапшылығы 11,8%-ға дейін артады.

Италияның мемлекеттік қарызы рекордтық деңгейге жетейін деп тұр Фото: reuters.com

Италияның мемлекеттік қарызы 2021 жылы соңғы ғасырдағы ең жоғары деңгейге жетіп, ЖІӨ-нің 160%-ын құрайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы

Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі бірінші жылдың көрсеткішінен де асып түспек. Ол кезде мемлекеттік қарыз бен ЖІӨ арасындағы қатынас 159,5% болған еді.

Биыл бюджет тапшылығы 11,8%-ға дейін артады. Өйткені Италия өз азаматтары мен бизнесін пандемия салдарынан қорғау үшін миллиардтаған еуро көлемінде қарыз алмақшы.Оның үстіне экономиканы ынталандыруға кеткен шығын 170 миллиард еуродан асады.

Бұл елде коронавирус дертінен 115 мыңнан астам адам қайтыс болды. Пандемия және оған байланысты енгізілген локдаундар туристік секторды құлдыратты. Соңғы уақытта Римде наразылық шаралары көбейді: рестораторлар мен басқа бизнес иелері шектеуді жеңілдетуді талап етуде. Италия билігі шектеу режимі сәуір айының соңына дейін жеңілдетілуі мүмкін екенін айтты. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу