Италияның "Бионет ЭсЭрЭл" компаниясы елімізде ашылатын биоөндіріске 45 миллион еуро көлемінде инвестиция салады, деп хабарлайды 24.kz.
Бүгін ЭКСПО көрмесінің кеңсесінде екі жақ келісімге келіп, құжаттарға қол қойды. Көрмедегі Италияның павильонында "Бионет" компаниясының өнімдері көрсетіліп, "Болашақ энергиясымен" үндесетін жаңа бастамаларының да тұсауы кесілді. Бұл ұжым осыған дейін биоорганикалық қалдықтарды өңдей отырып, жаңа баламалы қуат көзін өндірген. Енді осы жобаны олар біздің елде ұйымдастыруды көздеп отыр.
"Біз қазір зауыттың орнын анықтауымыз керек. Содан кейін барып, басқарушы компаниялармен келіссөздер жүреді. Ал соңғы жылдары бұл компания 10 жоба жасаған. Қазір соның үшеуімен жұмыс істеп жатыр. Сондықтан да италиялықтарға сенуге болады. Біз сенімді әріптес таптық деп айта аламыз", - деді "Kaznex Invest" ҰК төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев.