Итальяндық кәсіпкер ірімшік үйіндісінің астында қалып, көз жұмды

419

Қоймада ірімшік тұратын сөрелердің бірі құлаған.

Итальяндық кәсіпкер ірімшік үйіндісінің астында қалып, көз жұмды Фото: BBC

Италияда ірімшік қайнататын зауыттың басшысы пармезан ірімшігінің астында жаншылып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

74 жастағы Джакомо Чиаппарини жексенбіде Ломбардия аймағындағы қоймасында сөре сынып, мыңдаған ірімшіктің астында жаншылып қалған.

Ірімшіктің әрқайсысы шамамен 40 келіге жуық болған,  мыңдаған ірімшік бірінен кейін бірі төменге сырғып ер адамды басып қалған.

Құтқарушылар өндіріс иесін үйінді астынан 12 сағаттан соң ғана шығарған.

Сондай-ақ, бизнеске 7 миллион еуро (немесе 6 миллион фунт стерлинг) шығын келген деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу