Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылу себебін анықтауға ғалымдар да тартылатын болды.
Осы мақсатта Алматыдан гидробиология және вирусология ғылыми институтының ғалымдары Ақтауға барады. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Қуанғали Ашахов мәлімдеді.
Оқыс жағдай Түпқараған ауданында тіркелді. Каспий жағалауында 245-тен аса өлген итбалық табылған. Бұл жағдай бойынша ауыл шаруашылығы шұғыл топ құрып, тексеру жүргізіп жатыр. Осыған дейін мамандар ауадан, судан сынама алып үлгерген. Оның алдын ала нәтижесі ертең дайын болады.
Автор: Еркін Шәкірұлы
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу