Итбалықтардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмады – министрлік

616

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі итбалықтардың өлімі бойынша қорытынды дайындалғанын хабарлады.

Итбалықтардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмады – министрлік

"Осы қорытындыға сәйкес, табылған ұшалардың қатты ыдырауына байланысты, өлімнің нақты себептерін анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар ғалымдар мен құзыретті мемлекеттік органдардың пікірінше, жаңа туған күшіктердің мұз үстінде ашық теңізге шығару салдарынан олардың әлсізденуі, күшіктердің суға түсуі салдарынан қатып қалуы, ересек итбалықтардың балық аулау торларына түсуі, сондай-ақ олардың кемелердің бұрандаларына түсуі өлуінің ықтимал себептері болуы мүмкін", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Еске сала кетсек, маусымның бірінші онкүндігінде Каспий жағалауынан итбалықтардың ұшалары табылған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу