ITeachMe-дің ең ауқымды маусымы аяқталды

562

Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткен іріктеуге  2000 жас қатысқан. 

ITeachMe-дің ең ауқымды маусымы аяқталды

Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз болашақ. ITeachMe-дің ең ауқымды, алтыншы маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Atameken business. Жалпы жобаға 200 студент қабылданып, 112-сі оқуды сәтті аяқтады. Олар AstanaHub IT стартаптар технопаркі алаңында, өз жұмыстарын таныстыруға мүмкіндік алды.

Айта кету керек, ITeachMe түлектерінің арасында, сұранысқа ие SMM менеджер, копирайтер, дизайнер, мобилограф және графикалық дизайнерлер бар. Бұл ретте ITeacMe, тәлімгерлер тобы мамандарды орыс және қазақ тілдерінде дайындайды. Қазақстанда 696 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның 419 мыңы еңбекке қабілетті жаста. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу