ITF Juniors J100 Dakahlia: Әмір Омарханов Мысырдағы турнирде топ жарды

314

Ол ITF  рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтерілді.

ITF Juniors J100 Dakahlia: Әмір Омарханов Мысырдағы турнирде топ жарды Фото: RRaketkasi

Теннистен Мысырдың Дакахлия қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы ең беделді ITF Juniors J100 Dakahlia турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz  RRaketkasi телеграм арнасына сілтеме жасап.

Аталған додада өнер көрсеткен 15 жастағы дарынды теннисшіміз Әмір Омарханов жарыстың бас жүлдесі үшін өткен сайыста ресейлік Артем Богомоловпен шеберлік байқасып, аса тартысты бәсекеде 5:7, 6:1, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық сайысқа дейін Әмір қарсыластарына бірде-бір сет бермей қапы қалдырғанын айта кеткен жөн.

Отандасымыз осы жеңісінің арқасында жасөспірімдер арасындағы ITF  рейтингінде бірден 66 саты жоғарылап, 198-орынға көтеріліп алды.

Сондай-ақ Қарағанды теннис мектебінің түлегі бұл күндері Мысырдағы тағы бір үлкен жарысқа қатысып жатыр. Ол кеше Каирдегі J 100 турнирінің екінші айналымында жергілікті теннисшіден 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу