ITTF індетке байланысты Japan Open турнирін өткізбейтін болды

602

Келесі жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қабылдайтын Жапония биыл 129 ел мен аймақтың елге кіруіне тыйым салған. 

ITTF індетке байланысты Japan Open турнирін өткізбейтін болды

Үстел теннисінен Халықаралық федерация (ITTF) ұйымдастыратын Japan Open турнирі коронавирус індетіне байланысты өтпейтін болды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алғашында 21-26 сәуірде өтеді деп күтілген турнир кейінге ауыстырылған болатын. Алайда, турнирдің биыл өтпейтіні анықталды. 

Індетке байланысты Жапонияға кіріп-шығу әлі де қиындық туғызуда. Келесі жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қабылдайтын мемлекет биыл 129 ел мен аймақтың елге кіруіне тыйым салған. 

Айта кетелік, Жапонияның ашық чемпонаты 1996 жылдан бері әлемдік турнир қатарында.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу