Итті көлікпен сүйреткен павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды

748

Ақсуда жүргізушінің неліктен итті көлікпен сүйреткені белгілі болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Итті көлікпен сүйреткен павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде желі қолданушысы ер адамның итті көлікке байлап сүйреткенін жазды. Бұл жағдай көпшіліктің ашуын тудырған. 

"23 шілде күні Ақсу қаласында сағат 21.15-те Ертіс көшесінде  болған жайды көргенде шошып кеттім. Ер адам көліктің артына  алабай күшігін сүйретіп  бара жатты. Ит қатты үріп,  жатып қалды. Мен бірнеше рет айқайлағаннан кейін тоқтап, итті босатты да үйіне кіріп кетті", - дейді желі қолданушысы. 

Павлодар облыстық полиция департаментінде иттің иесі анықталғанын хабарлады.

"Ер адам ит үлкен болғандықтан, итпен жаттығу үшін қаладан шығып бара жатқанын айтты. Жолда иттің еркін жүгіруін қарап отырған. Ер адам ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және келесіде осындай фактілерге жол бермеу керек екені туралы ескертілді", - дейді департаменттен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу