Иудей шөліндегі табиғи қорықта экологиялық апат болды, деп хабарлайды 24.kz.
Мұнда тыңайтқыш өндіретін зауыттағы қышқыл сақталған бассейннің 60 метрлік қабырғасы белгісіз себеппен опырылып құлаған. Сөйтіп Ашалим өзеніне қышқыл сұйықтық ағып кеткен. Құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге шығарып, жануарларды өзенге жолатпай жүр. Табиғат пен саябақтар басқармасының мамандары апат зардабын анықтауға кірісті.
Алдын ала мәліметтер бойынша аймақты толық тазартуға бірнеше жыл қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу