Түркияда өтіп жатқан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны алғашқы алтын медальмен толықты. Қазақша күрестен бақ сынаған Марат Нығматуллаевтың арқасында осындай жоғары жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік туды, деп жазады inbusiness.kz.
IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақта Марат Нығматуллин жеңімпаз атанды. Қазақ күресінің бәсекесіне әлемнің 20-ға жуық елінен 60-тан астам балуан келген, оның ішінде 19 бұрымды балуан да бар.
Жеңімпаз Марат Нығматуллаев финалда моңғол балуанын 2 минутта "таза жеңіс" әдісіне түсірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу