Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева IV тоқсанда астаналық оқушылар қашықтан оқитынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Ол соңғы тоқсан 1 сәуірде басталанынын атап өтті.
"Карантин талабының күшеюіне байланысты қаладағы барлық мектеп меншік нысанына қарамастан қашықтан оқиды. Мектеп бітіруші 9, 10, 11-сынып оқушылары ғана аралас форматта білім алады. Пәндердің 70%-ы дәстүрлі, 30%-ы қашықтан оқытылады. Сыныптағы оқушының саны 15-тен аспауы керек", - деді Бағлан Сматаева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу