Қазақстандық боксшы Иван Дычко (2-0, 2КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды khabar.kz.
АҚШ-тың Флорида штатында өткен бокс кешінде қазақстандық спортшы қарсыласы мексикалық Карлос Сандовальді (10-14-1, 6КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, Карлос Сандовальдің лақап аты "Супермен". Ол кәсіпқой бокста барлығы 25 кездесу өткізіп, оның 10-да жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингке 1997 жылы көтерілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу