Иван Дычко кәсіби бокста сегізінші рет жеңіске жетті

618

Голливудтың Hard Rock аренасында америкалық Рэй Остинмен кездескен Дычко үшінші раундта қарсыласын есінен тандырды. 

Иван Дычко кәсіби бокста сегізінші рет жеңіске жетті

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко кәсіби бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Голливудтың (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock аренасында америкалық Рэй Остинмен кездескен Дычко үшінші раундта қарсыласын есінен тандырды. 

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіби бокстағы сегізінші жеңісін тойлауда. Иван барлық кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Еске сала кетейік, Иван Дычко әуесқой бокстан Лондон және Рио Олимпиадаларының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарынан бір күміс, бір қола медаль иеленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу