Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

862

Иван Дычко кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды abctv.kz.

Отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 30 қыркүйек күні (Астана уақытымен) АҚШ-тың Даллас қаласында өткізді. Иван Дычконың бұл кездесудегі қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт болды. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында үш кездесу өткізіп, екі кездесуінде жеңіске жетсе, бір кездесуінде жеңіліс тапқан.

Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған еді. Алайда Дычко техникалық нокаутпен қарсыласын алғашқы раунда-ақ жеңді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу