Иван Дычко қостанайлық оқушыларға сабақ берді

1029

Иван Дычко қостанайлық оқушыларға сабақ берді

Бүгін "Физкульт-Ура" әлеуметтік жобасы Қостанай қаласында алғашқы рет өткізілді. Бұл туралы "Астана" ПКСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24 Хабар хабарлайды.

Бұл жолы ұстаз ретінде Қостанай облысының тумасы, Лондон және Риодағы Олимпиада ойындарының қола медальдарының иегері, боксшы Иван Дычко болды. Сонымен бірге сабаққа "Астана" Президенттік клубының спорт менеджері Юрий Мельниченко қатысты. Ашық сабақ 4 сыныптың оқушыларына арналып өткізілді.

"Мектепте дене шынықтыру сабақтарын жақсы көретінмін. Университетте спорттық факультетте оқығаннан кейін сабақ беру тәжірибем бар, ал "Физкульт-Ура" әлеуметтік жобасына алғашқы рет қатысып жүрмін. Әрине, балалар бәріне тез үйренеді, бірақ мен бүгін ұстаз ретінде олардың жаттығуларды дұрыс істегенін бақыладым", – деді Иван Дычко.

"Астана" Президенттік клубының спорт менеджері Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко танымал спортшылардың жобаға үлес қосуы дұрыс екенін айтты.

"Балалар әйгілі ұстаздарын көргенде шын жүректен қуанып, жадырап қалды. "Физкульт-Ура" оқушыларға еліміздің үздік спортшыларымен кездесуге, сөйлесуге, олардан үйренуге мүмкіндік береді. Бұның нәтижесі – балалардың салауатты өмір салтына ұмтылу, бұл жағынан біздің спортшыларға ұқсауға талпыну. Балалар бұл өте оңай екенін түсінуі қажет", – деді ол.

Ашық сабақ Қостанайда бірінші рет өткізілді. Сонымен қатар бұл әлеуметтік жобаның аясында іс-шара өткен Қазақстанның бесінші қаласы болып отыр. "Физкульт-Ура" Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе қалаларында өтті. Жобаға Данияр Елеусінов, Эльмира Сыздықова, Дариға Шәкімова, Дмитрий Баландин, Гюзель Манюрова, Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Валерий Тихоненко, Ерамахан Ибраимов, Жақсылық Үшкемпіров, Юрий Мельниченко қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу