Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды

767

Иван Дычконың кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласы белгілі болды

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Иван Дычкоға (4-0, 4 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегінде кімнің қарсылас болатынын анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. 
Флорида штатындағы Холливуд қаласында өтетін бокс кешінде 27 жастағы Дычко 29 жастағы америкалық Стефан Кирнонмен (2-0, 1 КО) жұдырықтасады. Америкалық боксшы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылдың желтоқсанында, ал екіншісін 2016 жылдың қаңтарында өткізіпті. Ал осыдан кейінгі екі жыл үзілістің себебі белгісіз. 
Айт кетейік, екі Олимпиадада қола жүлдеге ие болған Дычко 2017 жылдың қыркүйегінде кәсіпқой боксқа ауысқан. Содан бері ол төрт кездесу өткізді. Сонымен қатар, бұл бокс кешінде 23 жастағы қазақстандық Мұса Тұрсынғалиев 31 жастағы доминикандық Луис Хиножосамен (31-13, 18 КО) жұдырықтасады. Бұл оның АҚШ-тағы алғашқы жұдырықтасуы болады, осыған дейінгі алты кездесуді ол 18 күн ішінде Мексикада өткізген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу