"Иван Ярыгин" атындағы Гран-при турнирі Қазақстан үшін бір медальмен аяқталды

587

Ярыгин турниріне Қазақстан командасы толық құраммен қатысқан жоқ. Еліміздегі балуандардың басым көпшілігі Шымкентте өтетін ел чемпионатына дайындалуда. 

"Иван Ярыгин" атындағы Гран-при турнирі Қазақстан үшін бір медальмен аяқталды

Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен "Иван Ярыгин" атындағы Гран-при турнирі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

76 келіде сынға түскен Эльмира Сыздықова қола медаль үшін күресте өзбекстандық Шахрибон Эллиевадан басым түсті. 

"Эльмира жылдың алғашқы рейтингілік турнирін сәтті бастап отыр. Ол үшін қуаныштымын. Жеребе де, турнир де ол үшін сәтті өтті. Енді ірі турнирлер одан әрі жалғасын табады", – дейді әйелдер күресінен ұлттық құрама бас бапкері Гузель Манюрова. 

Ал ерлер арасында бақ сынаған Асхат Слямханов (70 келі) пен Абзал Өкенов (57 келі) жүлдесіз қалды. 

Айта кетелік, Ярыгин турниріне Қазақстан командасы толық құраммен қатысқан жоқ. Еліміздегі балуандардың басым көпшілігі Шымкентте өтетін ел чемпионатына дайындалуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу