Ханчжоуда жоспарланған жабық кешендегі IX Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлықтық біріншілік 12-13 ақпан күндері Қытайдың Ханчжоу қаласында өтуге тиіс болатын. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметіне жарыстың өтпейтіндігі туралы Азия жеңіл атлетика ассоциациясынан хат келген. Онда жарыстың болмайтыны туралы айтылған.
Басқарма президенті Дахлан аль-Хамад құрлықтық қауымдастық атынан вирустың таралуына алаңдаулы екенін жеткізген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу