ИЫҰ басшысы отставкаға кетті

1171

ИЫҰ  басшысы отставкаға кетті

Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы саудиялық Ияд Мадани Мысыр президенті Абдель-Фаттах Сисиге қатысты айтқан әзіл әңгімесі ел билігінің ашу-ызасын туғызған соң отставкаға кетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Бұл туралы ресейлік Би-би-си хабарлады. Ислам ынтымақтастығы ұйымының ресми мәлімдемесінде Иядтың денсаулығына байланысты басшылықтан кетіп бара жатқаны айтылған.

Осыған дейін Мадани Мысыр елінен кешірім сұрап, өзінің ешкімнің ар-намысына тиюге ниеті болмағандығын айтқан.

Мысырдың Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті ұйымның негізін қалаушылардың біріне қатысты жасалған өте зор тәртіп бұзушылық деп есептейтіндіктерін жеткізді.

Мадани осыған дейін Тунис президенті ас-Себсиді Мысыр басшысы ас-Сисидің тегімен атап жіберді. Өзінің осы әрекетін жуып-шаю үшін ол оның тоңазытқышына "судан басқа да нәрселер бар екеніне сенімдімін" деген болатын.

Осылайша, ол Египет президентінің жақында ғана "өзінің тоңазытқышында "10 жыл бойы судан басқа ештеңе болмағаны" туралы мәлімдемесіне астарлап назар аударған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу