Із-түзсіз жоғалған зейнеткерді сүңгуірлер Жайықтан іздеп жатыр

1973

Махамбет ауданындағы Бейбарыс ауылының 65 жастағы тұрғыны 28 қаңтар күні кешкі 19:30-да үйінен шығып кетіп, отбасына оралмаған.

Із-түзсіз жоғалған зейнеткерді сүңгуірлер Жайықтан іздеп жатыр

Атырау облысында сүңгуірлер із-түзсіз жоғалған зейнеткерді Жайықтан іздеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ол 29 қаңтардан бері іздестіріп жатыр.

"Зейнеткердің жоғалғаны туралы сенбіде, 29 қаңтарда сағат 00:15-те хабар түсті. Содан бері отбасына оралмаған ер адамды іздеу жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірге жүргізіліп жатыр. Әзірге Бейбарыс және Сарайшық ауылдарына жақын маңдағы аумақты аралап, іздестіруден еш нәтиже жоқ. Қазір жоғалған зейнеткерді іздеуге Махамбет аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінің жедел құтқару жасағынан 6 қызметкер, 1 кинологиялық есептің құрамы және 1 арнайы техника тартылды. Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері зейнеткерді Жайық өзенінен іздестіріп жатыр", – деп хабарлады Департаменттің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу