Іздестіру-құтқару тікұшақтарын базалау пункттерінің саны артты

1111

Шағын авиация саласында 41 әуе компаниясы қызмет көрсетеді.

Іздестіру-құтқару тікұшақтарын базалау пункттерінің саны артты

Алматыда ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін шағын авиация мәселелері қаралды, деп хабарлайды ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігінің бастығы Линда Орлэди: "Жаңа реттеуші әлемдегі ең үздік стандарттарға сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолдайтынын және Қазақстанның әуе көлігі саласын дамытуға ықпал ететін болады",– деп атап өтті.

Жұмыс кездесуі барысында ұшу қауіпсіздігінің қажетті деңгейіне қол жеткізуге әсер ететін негізгі факторларға басты назар аударылды: шағын авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық регламенттері; ұшу жарамдылығының жағдайы, әуе кемелерін сертификаттау; ұшқыштарды дайындау сапасы, қону алаңдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; шағын авиация ұшуларын аэронавигациялық қамтамасыз ету.

Авиациялық әкімшілік авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың нақты жағдайларын ұсынды, авиациялық оқиғалардың себептерін уақтылы анықтау және жою қажеттілігін атап өтті.

Айта кетсек, бүгінгі таңда шағын авиация ТМД және батыс елдерінің әуе техникаларын пайдаланатын 41 әуе компаниядан тұрады. Жеңіл және аса жеңіл авиацияның қолданыстағы әуе кемелерінің жалпы саны шамамен 500 бірлікті құрайды. Компаниялар көлік-байланыс ұшулары, авиахимиялық жұмыстар, ормандарды қорғау жөніндегі орман-авиациялық жұмыстар, халыққа медициналық көмек көрсету, апаттық-құтқару ұшулары, іздестіру-құтқару жұмыстары, экскурсиялық ұшулар, іздестіру-түсіру ұшулары және т. б. авиациялық жұмыс түрлерін орындайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іздестіру-құтқару тікұшақтарын базалау пункттерінің саны кеңейтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу