Іздеу жарияланған адамдарды жасанды интеллект анықтап жатыр – Бас прокуратура

36

Бұл туралы BIZDIÑ ORTA подкастында ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Іздеу жарияланған адамдарды жасанды интеллект анықтап жатыр – Бас прокуратура Фото: inbusiness

– Қазіргі таңда біз жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіп жатырмыз. Ол, ең алдымен, қылмысты дер кезінде анықтауға және алдын алуға бағытталған. Қаладағы кейбір камераларға жасанды интеллект орнатылды. Камера жоқ жерлерде дрондар көмекке келеді. Осы құрылғыларға да жасанды интеллект енгізілді, – деді ол.

Оның айтуынша, жүйе бұзақылық әрекеттерді, төбелесті, қару ұстаған адамды автоматты түрде анықтайды және дереу хабарлама береді.

Іздеуде жүрген, пробацияда тіркеуде тұрған немесе үйқамақтағы азаматтардың тізімі цифрландырылып, жасанды интеллект жүйесіне қосылған. Егер бұл адамдар көшеде жүрсе, жүйе бірден белгі береді, – деп түсіндірді Бас Прокурордың орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу