Іздеуде болған қазақстандық Калининградта ұсталды

736

Ер адам 2016 жылдан бері іздеуде болған. 

Іздеуде болған қазақстандық Калининградта  ұсталды

Ресейдің Калининград облысында экономикалық қылмыс жасағаны үшін бірнеше жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлады сейсенбі күні Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Ер адам 2016 жылдан бері іздеуде болған. Ол адамды биылғы жылдың 25 қазан күні Калининградта Ресейдің құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен Қазақстанның қаржылық бақылау комитетінің экономикалық тергеу қызметі бірлесе отырып ұстады. Ресейде құрықталған адам жалған құжаттармен өмір сүрген, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан азаматы экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар (салық төлеуден жалтару және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, ұйымдасқан топ құру, басқару, қылмыстық ұйым құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу) жасағаны үшін тергеуден жасырынған.
"Бұл адамның қылмыстық әрекеттері мемлекетке 2 миллиардтан астам теңге көлемінде залал келтірді", – делінген хабарламада.

Ұсталған адам Ресейдің сот органдарының шешімімен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға депортацияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу