Іздеуде жүрген 112 қылмыскер ұсталды

868

"Мигрант" және "Заңсыз иммигрант" жедел іс-шарасы барысында 14 632 адамның көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.

Іздеуде жүрген 112 қылмыскер ұсталды

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызының мәлімдеуінше, шетелдің 10 800 азаматы Қазақстанда болу мерзімін, 3 666 азаматы еңбек заңнамасын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзған 987 шетелдік елден шығарылды. Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер туралы полицияға хабарламағаны үшін 823 жұмыс беруші мен 5 966 азамат жауапкершілікке тартылды. Полиция операция кезінде іздеуде жүрген 112 қылмыскерді ұстады және заңсыз көші-қон ұйымдастырудың 33 фактісін анықтады", – деді Ішкі істер министрлігінің өкілі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу