Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 557 адам тұтқындалды. 

Іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алмасхан Садыханов мәлім етті. 

"Мемлекет басшысы құқықтық тәртіп органдары басшыларымен кездесу барысында заңдылықты сақтауды, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеруді бұлжытпай қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар "Заңдылық және Тәртіп" қағидасы қазақстандық қоғамның идеологиялық, саяси жол сілтемесі болуы тиіс деп атап көрсетті. Өз кезегінде ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қоғамда тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік артылған. Осыған байланысты, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында 2023 жылдың 20-30 қараша аралығында елімізде ішкі істер органдары "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді", – деген спикер оның негізгі бағыттарына тоқталды. 

Атап айтқанда:

көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, оның ішінде жастар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау мен профилактиканы күшейту;

вандализм, мүліктің бүлінуі, ұсақ бұзақылық, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар фактілерін анықтау және жолын кесу;

тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеу.

"Шара қортындысында 2,657 мың қылмыс бірден ашылды, оның ішінде бұрын жасалған 1 019 қылмыс, оның ішінде 1-кісі өлтіру, 3-қарақшылық шабуылдар, 21 – тонау және 994 басқа да қылмыстар. Заңнаманы бұзу фактілерін анықтау үшін саяжай алаптарын, құрылыс объектілерін, базарларды, шаруа қожалықтарын, жалдамалы пәтерлерді, шалғайдағы және өзге де күмәнді орындарды, үй-жайларды аралау жүзеге асырылды", – деді спикер. 

Нәтижесінде іздеуде жүрген 219 қылмыскер ұсталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 557 адам ұсталды, оның ішінде есірткі құралдарын сақтағаны үшін – 226 (122,790 кг есірткі және 59,9 кг синтетикалық құралдар, оның ішінде героин), атыс қаруын алып жүргені үшін – 192 (220 бірлік, оның ішінде: 153 – тегіс ұңғылы, 47 – атыс және 20 – жарылғыш заттар мен оқ – дәрілер – 50 (1 130 дана – оқ – дәрі, 3 жарылғыш құрылғы және 2 жарылғыш зат) және суық қаруды алып жүргені үшін – 89 (102 дана суық қару) адам жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу