Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды

1009

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасының аралық нәтижесін жариялады. 

Іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды

Ресми өкіл жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылығы үшін іздеу жарияланған 30 адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"7 маусымнан бастап өткізіліп жатқан "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы барысында іздеуде жүрген 78 қылмыскер ұсталды. Олардың қатарында жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еліміздің – 27,  ТМД елдерінің – 3 азаматы бар. Көші-қон қызметінің мәліметіне сәйкес, "Мигрант" операциясы барысында көші-қон заңнамасын бұзғандарға қатысты 518 сот шешімі қабылданды. Олар ел аумағынан шығарылды", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу