Іздеуде жүрген азамат Доминиканнан экстрадицияланды

1030

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды.

Іздеуде жүрген азамат Доминиканнан экстрадицияланды

Бүгін Қазақстан бас прокуратурасының және ІІМ-нің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі  9 млн теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген күдікпен іздеген.

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, бас прокуратураның сұратуын шетел билігі өзаралық қағидасында қанағаттандырды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астанада тергеу изоляторында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу