Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге қайтарылды

649

Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам жасырынған. 

Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге қайтарылды Фото: видео скриншот

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

"Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп жазды Бас прокуратурадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу