Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Мәскеу облысы Химки қаласында ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесінің бірі Химкиде ұсталған.
2013 жылдан 2018 жылға дейін қылмыстық топтың мүшелері букмекерлік кеңсе ашқан. Онда олар заңсыз ойын бизнесі болып саналатын электронды казиноны ұйымдастырған. Қылмыстық топтың құрамында Ресей мен Қазақстан азаматтары болған.
"2019 жылдан бері 39 жастағы ер адам іздеуде жүрген. Ол трансұлттық ұйымдасқан топты құрды, оны басқарды және заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде күдікті Химкидегі уақытша ұстау изоляторына қамалған, оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.