Бас прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан Артур Трофимовты экстрадициялады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ұсталған адам 2005-2009 жылдарда "БТА Банк" АҚ-дан аса ірі мөлшерде ақша жымқыруға және оны заңдастыруға (жылыстатуға) сыбайлас қатысқан, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарған деген күдік бар.
Оны экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен бірлесе отырып үйлесімді әрекет жасауының арқасында мүмкін болды.