Іздеуде жүрген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

1236

Күдікті экстрадицияланады.

Іздеуде жүрген Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузияда ұсталды

Халықаралық іздеу жарияланған әкімнің экс-орынбасары Қ.А. Сарытайдың Грузияда жасырынып жүргені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады. Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ-пен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұсталып, қамауға алынды",- деп жазылған "Антикор" жаңалығында.

Қазіргі уақытта күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу