Ижевск мектептерінің бірінде атыс орын алды

639

Алдын ала ақпарат бойынша, үш адам жарақат алған.

Ижевск мектептерінің бірінде атыс орын алды

26 қыркүйек күні таңертең Ижевскідегі оқу орындарының бірінде атыс орын алды. Бұл туралы "112" Telegram каналында хабарланды.

Пушкин көшесінде орналасқан № 88 мектепте оқ атылғаны анықталды.

"Оқушылар мен мұғалімдерді мектеп ғимаратынан эвакуациялау басталды, оқиға орнына шұғыл қызметтер жіберіледі. Оқыс оқиғаның себептері мен зардап шеккендердің саны әзірге белгісіз", – делінген хабарламада.

Жергілікті БАҚ полицияның мектепті қоршап алғанын айтады. Мекеменің жанында жедел жәрдем көліктері тұр. Куәгерлердің айтуынша, жараланған балаларды мектептен шығарып жатыр. Әзірге ресми ақпарат жоқ.

Әлеуметтік желілерде Ижевск тұрғындары үш адам жарақат алды деп жазады. Олардың қатарында екі бала мен мектеп күзетшісі. Атыс сабақ барысында басталған. Қара киім киген ер адам сыныпқа кіріп, балаларға оқ жаудырған. 
"Мектеп директоры жараланған жасөспіріммен бірге кабинетінде жасырынып, шықпай отыр", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу