Израиль өз аумағындағы 40 мың африкалық босқынды отанына қайтармақ. Бұл туралы үкімет отырысында Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтты, деп хабарлайды reactor.inform.kz.
Нетаньяху босқындарға қатысты үш сатылы саясатты қолданбақ. Оның айтуынша, Израиль мен Мысыр шекарасында шектеу шарасы қолданылғаннан бері елге кіретін босқындар легі тоқтаған.
Израиль бұған дейін 20 мыңға жуық африкалықты еліне қайтарыпты.
"Депортациялаудың үшінші толқыны халықаралық келісім аясында жүзеге асады. Бұл бізге келісімсіз кірген 40 мың босқынды қайтаруға мүмкіндік береді", - дейді Израиль премьер-министрі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу