Израиль АҚШ президентіне тыңшылық жасауға тырысқан

543

Трамп Израиль тыңшылықпен айналысты деген ақпаратқа сенбейтінін мәлімдеді. Ал Израиль үкіметі болса, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. 

Израиль АҚШ президентіне тыңшылық жасауға тырысқан

Вашингтондағы Ақ Үй маңынан тыңшылық жасауға арналған қондырғылар табылды. Оны Израильдің арнайы қызметі қойған деген күдік бар. Федералдық тергеу бюросы мен АҚШ-тың өзге де ведомстволары осындай тұжырымға келіп отыр. 

Айта кетейік, соңғы екі жылда Ақ Үй жанынан және АҚШ астанасындағы маңызды ведомстволардың маңынан америкалық президент пен оның кеңесшілерінің ұялы телефонын тыңдайтын аппараттар табылған. Politico  дерегі бойынша, құрылғылар тек президент пен әкімшіліктегі саясаткерлер емес,сондай-ақ Трамп араласатын кәсіпкерлер және БАҚ өкілдерінің әңгімесін тіркеп отырған. 

Дегенмен Трамп Израиль тыңшылықпен айналысты деген ақпаратқа сенбейтінін мәлімдеді. Ал Израиль үкіметі болса, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу