Израиль Әл-Шифа ауруханасының директорын қамауға алды

331

Израиль әскерилері аурухана директорыннан жауап алатындарын мәлімдеген.

Израиль Әл-Шифа ауруханасының директорын қамауға алды Фото: AFP/Getty Images

Израиль әскері Газадағы Әл-Шифа ауруханасының директорын қамауға алды. Бұл туралы Газа денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Газадағы ең үлкен аурухананың директорын Израиль күштері тұтқындады, деп мәлімдеді.

Сондай-ақ аурухана өкілі Ашраф әл-Кидра Әл-Шифа ауруханасының директоры Мұхаммед Әбу Салмиямен бірге басқа дәрігерлер қамауға алынғанын айтты.

Әбу Салмия Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кортежімен эвакуациялау кезінде тұтқындалған.

Израиль әскерилері аурухана директорыннан жауап алатындарын мәлімдеген.

"Ол үнемі ауруханада туннель жоқ деп келді. Бас директор қалайша ауруханадағы туннель жүйесін білмейді?", - деді CNN тілшісімен тілдескен подполковник Питер Лернер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу