Израиль өз армиясының Газа секторындағы солтүстік бөлікті бақылауға алу арқылы Газадағы қарқынды құрлық операциясын аяқтап жатқанын хабарлады. Елдің Қорғаныс министрі Йоав Галлант әскерилер жақын арада оның оңтүстік бөлігін де бақылайтынын айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Министрдің брифингі ХАМАС Израильдің кепілге алған екі адамы израильдік атыс кезінде қаза тапты деген мәлімдеме жасағаннан кейін өтті. Сондай-ақ, Галант Израильдің Газа секторындағы стратегиясын ақтауды жалғастырды.
"Әскери қысымсыз бізбен ешкім сөйлеспейді және онсыз біз ешқандай келісімге келе алмаймыз. Ұрланған адамдарды тек осындай позиция арқылы босатуға болады", - деп түсіндірді Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галлант.
Үкіметтік емес ұйым жариялаған суреттерден Израиль әскерлері шығарылғаннан кейін Бурейдж босқындар лагерінің іс жүзінде жойылғаны көрініп тұр. БҰҰ оның қызметкерлеріне Газа секторының солтүстігіне дәрі-дәрмек, отын, су және санитарлық жабдықтарды жеткізу үшін желтоқсан айының соңынан бері бірнеше рет кіруге тыйым салынғанына қатысты шағымдануын жалғастыруда.
“Газаға гуманитарлық көмек ағынын ұлғайту үшін кейбір қадамдар жасалғанымен, құтқару көмегі айлар бойы үздіксіз шабуылдарға төтеп берген адамдарға тіпті қажетті ауқымда да жетпей жатыр”, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.
Ресми мәліметке сәйкес, анклавтағы 2 миллионға жуық тұрғынның 85%-ы үйін тастап кетуге мәжбүр болған.