Израиль армиясы Газаның айналасындағы еврей жерлерін бақылауға алды

655

Израиль армиясының өкілі аймақтағы жағдайға түсініктеме берді.  

Израиль армиясы Газаның айналасындағы еврей жерлерін бақылауға алды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Израиль әскери бұғатталған Газа секторының айналасындағы еврей қоныстарын бақылауды қолға алды. Бұл туралы Израиль армиясының ресми өкілі Даниэль Хагари хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бұл жерлерде қақтығыс әлі тоқтаған жоқ. Сондықтан онда қарулы палестиналықтар болуы әбден мүмкін екенін атап өтті.

Ол армия Газа шекарасында танктерді, тікұшақтарды мен авиацияны орнататынын айтты.

Хагари Газа секторының айналасындағы 24 қаланың 15-інде тұратын халық қауіпсіз жерлерге жеткізілгенін және эвакуация күні бойы жалғасатынын хабарлады. Оның айтуынша, Сдерот аймағының ең ірі қаласы эвакуацияланбайды.

Израиль армиясының өкілі 7 қазаннан бастап Газа секторынан израиль аумағы арқылы 4400 зымыран атылғанын хабарлады. Израиль армиясы Газа секторында жағдай ушыққан сәтте, 48 сағат ішінде 300 мың адамды жұмылдырып үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу