Израиль армиясы Рафах қаласына ілгерілей еніп барады

194

Соғыс басталғалы миллионнан астам адам бас сауғалаған болатын.

Израиль армиясы Рафах қаласына ілгерілей еніп барады Фото: Израиль қорғаныс әскері

Израиль танктері Газа секторындағы Рафах қаласының шығыс тұсына ендей кіріп барады. Бүгін олар бірқатар тұрғын үй ауданына жетіп, қаланың оңтүстік шекара маңындағы шабуылын күшейте түсті. Дәл осы өңірде соғыс басталған 7 айдың ішінде миллионнан астам адам бас сауғалаған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Израиль әскерилерінің мәліметінше, өткен тәулікте израильдік шабуылдаушы ұшақтар, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен тікұшақтар Газа секторындағы 100-ден астам нысанаға соққы жасаған. Соғыс іс-қимылдары Рафах, Зейтун және Джабалиде жалғасып жатыр.

Сонымен қатар, Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Газа секторында БҰҰ көлігінің шабуылға ұшырауына байланысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Палестиндік БАҚ мәліметінше, жексенбі күні Газа секторынының отүстігінде, Рафахта Біріккен Ұлттар Ұйымының көлігіне оқ атылған. Соның салдарынан палестиндік жүргізуші мерт болып, БҰҰ қызметкері жарақат алған.

БҰҰ Бас хатшысы Израиль мен Газа секторы арасындағы соғыс салдарынан бірінеше шетелдік қызметкердің мерт болуын айыптап, "толықтай тергеу жүргізуді" талап етіп отыр.

Рафахтағы ЦаАХАЛ өкілдері "Яхал" іріктеулі инженерлік-саперлік бөлімшесінің 2 жауынгері ХАМАС атқан миномет снарядтарынан қатты жарақаттанғандығын алға тартады. Ал палестиндік топ өткен аптада ЦАХАЛ жауынгерлері басып алған Рафах қаласының Мысырмен бақылау-өткізу пункті жанындағы израильдік әскерге соққы жасағандығын мәлімдеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу