Израиль армиясы Рафахтан тұрғындарды эвакуациялай бастады

278

Рафах қаласы — Газа секторындағы ХАМАС тобының соңғы бастионы. 

Израиль армиясы Рафахтан тұрғындарды эвакуациялай бастады Фото: Hatem Khaled/REUTERS

Одақтастар Израильді бейбіт құрбандарды болдырмау үшін қалаға шабуыл жасаудан бас тартуға шақырады, бірақ Израильдің өз жоспарларынан бас тартатын ойы жоқ, деп жазады inbusiness.kz cайты.

Газа секторындағы Рафах қаласында әскери операцияға дайындық аясында Израиль жергілікті халықты қаладан эвакуациялауға кірісті. Израиль әскери күштері Мысыр шекарасында орналасқан Рафахтың шығыс бөлігінің тұрғындарын "кеңейтілген гуманитарлық аймаққа" - солтүстікке қарай бірнеше шақырым жерде орналасқан Жерорта теңізі жағалауындағы Әл-Мавази лагеріне көшуге шақырды.

Израиль армиясы Рафах тұрғындарын плакаттар, SMS, телефон қоңыраулары және араб тіліндегі БАҚ хабарламалары арқылы эвакуациялау туралы хабардар ететінін хабарлады. 

"Бүгін таңертең біз Рафахтың шығыс бөлігінің тұрғындарын уақытша эвакуациялау үшін операцияны бастадық", - деді Израиль әскери өкілі онлайн-баспасөз мәслихатында Эвакуация 100 мыңға жуық тұрғынғп қатысты болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу