Израиль әскері Газада ірі туннелді тапқандарын мәлімдеді

317

Туннельдің кейбір бөліктері үлкен көліктерді қабылдай алады.

Израиль әскері Газада ірі туннелді тапқандарын мәлімдеді Фото: Синьхуа

Израиль әскері Газада ХАМАС-тың ірі туннелін тапқандарын мәлімдеді. Туннель Израиль шекарасы маңында оранласқан, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

 

Мәлімдемеде туннельдің "Эрез" бақылау-өткізу бекетінен небәрі 400 метр қашықтықта, 50 метр тереңдікте орналасқаны, ұзындығы 4 шақырымнан астам екені айтылған.

Туннельдің кейбір бөліктері үлкен көліктерді қабылдай алады. Туннельдің бірнеше тармақтары бар, энергетикалық және тазарту инфрақұрылымымен, сондай-ақ жарылыс есіктерімен жабдықталған. Қазіргі уақытта туннельдің Газа секторынан Израиль аумағына дейін созылатыны туралы ешқандай дәлел жоқ.

7 қазаннан бері Израиль армиясы Газа секторында палестиналық қарулы ұйымдарға тиесілі жүздеген туннельдерді тапты. Олардың көпшілігі темір бетоннан тұрғызылып, электр қуатымен, желдеткішпен, тазарту қондырғыларымен және коммуникациялармен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу