Израиль қорғаныс күштері (IDF) Газа секторында ХАМАС-қа қарсы құрлық операция жүргізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлады The Times of Israel өз дереккөздеріне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, ХАМАС-қа қарсы соғыста алға қойылған мақсаттарға жету үшін бұл операцияны тезірек бастау керек.
Израиль әскері Газада операция жүргізуге дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге, ведомство Газадағы ұрыс кезінде айтарлықтай шығынға ұшырау қаупі бар екенін мойындап отыр.
Бұл ретте Израиль қорғаныс күштері кепілде отырғандарды құтқару операцияларын да бастайды.
Әскерилердің пайымдауынша, оларға мақсаттарын жүзеге асыруға шамамен үш күн қажет болады.
Еске сала кетсек, 7 қазанда "Хамас" тобы Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Бұған жауап ретінде Израиль "Хамасқа" қарсы әскери операция бастады. 19 қазанда Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант Израиль әскерлерінің жақын арада Газа секторына кіруі мүмкін екенін хабарлады.