Израиль әскери күштері он адамды жаралап, Иордан өзенінің батыс жағалауында 13 палестиналықты ұстады, деп жазады inbusiness.kz.
Куәгерлердің хабарлауынша, жүздеген израильдік сарбаздар Эриха қаласының маңындағы "Акаба-Джабр" босқындар лагерінде рейд жүргізген.
Рейд жүргізушілер үйлерге кіріп, жергілікті палестиналықтармен қақтығысқан.
Дереккөздер көзден жас ағызатын газдан зардап шеккен ондаған адам туралы хабарлады.
Израильдің қауіпсіздік күштері Иорданияның оккупацияланған батыс жағалауында және Шығыс Иерусалимде жиі рейдтер жүргізіп, түрлі айыптар бойынша палестиналықтар ұсталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу