Израиль қауіпсіздік күштері басып алынған Иерусалимнің шығысы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында 55 палестиналықты ұстады. Бұл туралы "Анадолу" тілшісіне Палестиналық тұтқындар қауымдастығының өкілі Амани Серахане хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Палестина Парламентінің бұрынғы депутаттары, оның ішінде бұрынғы спикер Азиз Дувейк, сондай-ақ ХАМАС мүшелері қамауға алынды.
Тұтқындау шарасы Шығыс Иерусалим мен Батыс жағалаудың әртүрлі аймақтарында Израиль әскерлерінің рейдтері кезінде жүргізілді.
Израиль билігі бұл ақпаратқа әлі түсініктеме берген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу